Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау моделін жетілдіру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» басқарма төрағасы Р. Құрманов негізгі бағыттар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мәселені талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы, «ҚазАгро» ҰБХ директорлар кеңесінің мүшесі Б. Жәмішев қатысты.  

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қараша 2018

Мұрағат

Қараша
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту