Ел аймақтарындағы жолдарды салу және жөндеу мәселелеріне арналған «Өңірлік жол құрылымдарын дамытуды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Шараға еліміздегі автомобиль жол құрылыстарына қатысты және жауапты ұйымдармен қоса, Ресей, АҚШ, Франция және Германия елдерінің өкілдері қатысуда. Конференцияда сала мамандары өз елдеріндегі жол құрылымына қатысты тәжірибемен бөлісіп, инновациялық жаңашылдықтарын ортаға салды.

Бүгінде елімізде қолданыстағы автомобиль жолының ұзындығы - 95,6 мың шақырым. Оның 24,4 мың шақырымы - республикалық маңызы бар, ал 71, 2 мың шақырымы - жергілікті автожол желілері. 

«2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің министрлік автожолдар, транспорт және азаматтық авиация салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Негізінен автомобиль жолдарын салу мен қайта жөндеу жұмыстарына мән берудеміз. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2017 жылдары республика бойынша І жəне ІІ деңгейдегі техникалық категорияларға жататын 5,9 мың шақырым жол салынды және жөндеуден өтті. Соның ішінде айтып өтерлік ірі жобалардың бірі -  Батыс Еуропа-Батыс Қытай транспорттық дәлізінің ашылуы», - деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр.

Оның айтуынша, аталған жұмыстарға 932,4 млрд теңге қаражат бөлінді, оның 472,8 млрд теңгесі ұлттық қордан қаржыландырылды. Одан бөлек, аталған жобаларды жүзеге асыру кезінде 80 мың адам жұмысқа тартылды, сондай-ақ жол желілеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының 95% - отандық өнімдер.

Сонымен қатар, вице-министр үстіміздегі жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жөндеу бағытында 23 жобаның жүзеге асырылғанын, соның негізінде 4,6 мың шақырым жол пайдалануға берілгенін айтып өтті. Ол жобаларға бюджеттен 232,4 млрд теңге қаржы бөлінген және жыл соңына дейін тағы 528 шақырым автожол ашылады.

«Қазіргі уақытта елімізде жергілікті маңызы бар жолдарға бөлінген қаржы көлемі - 155,9 млрд теңге. Оның  64,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылған. Бұл қаражатқа өңірлердегі жалпы ұзындығы 4373 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 232 шақырым жол жаңадан салынады және қайта жөндеуден өтеді, ал қалған 4141 шақырым автожолға күрделі және орта деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,- деді ол. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 қараша 2018

Мұрағат

Қараша
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту