Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңестің (ИКЖК) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру, қалдықтарды басқару стратегиясын әзірлеу және Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, биылғы жылдың 1 қазанында өткен отырыста ИКЖК мүшелерінің айтылған ұсыныстары бойынша министрліктердің есебі қаралды. Мәселелер инвесторлар үшін тең жағдай жасау, бәсекеге қабілетті экономикалық ортаны қалыптастыру және антимонополиялық заңнаманы жетілдіруге қатысты болды.

Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті К. Мак, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі М. Гиффорд, АҚШ елшілігінің уақытша сенімді өкілі Т. Линг, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлсон, ЭЫДҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша дирекциясының саяси талдаушысы П. Боркей, Coca-Cola Bottlers Kazakhstan бас директоры А. Ертин, Resero Power басқарма мүшесі Т. Браун, Metro Cash & Carry Kazakhstan бас директоры Э. Горп және басқалар күн тәртібі бойынша өз ойларымен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мүдделі мемлекеттік органдарға кейіннен іске асыру үшін ИКЖК мүшелерінің ұсыныстарын мұқият зерделеуді тапсырды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасында анықталған қалдықтарды басқару саясаты қалдықтарды жекелеп жинауды енгізуге, инвестиция тарту арқылы қалдықтарды қайта өңдеумен шығарылатын қайталама шикізат өндіру секторын дамытудың нәтижесі полигондарға шығарылатын қалдық көлемінің азаюына алып келеді. Қазақстан жоғары тиімді технологияларды пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені белсенді түрде зерттеп, енгізіп келеді.

Бүгінгі күні экологтардың негізгі міндеті — коммуналдық қалдықтарды тиімді, дәлелденген, термалды газдандыру арқылы пайдалы энергияға айналдыру. Осындай өңдеудің нәтижесі: қайта өңдеуге болатын шикізаттар — болат, алюминий және күл, жылу және электр энергиясы. Олардың барлығын қайта пайдалануға болады және бұл процесс БҰҰ-ның көміртек несиесі туралы ектемелі конвенциясына сәйкес келеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 қараша 2018

Мұрағат

Қараша
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту