2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арналған Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін толықтай автоматтандыру туралы маңызды міндет қойғаны белгілі. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтер тізілімі  741 атауды қамтыса, оның 454-і автоматтандырылған. Осы жылдың соңына дейін қосымша 70 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. 2020 жылы біз бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткіземіз», - деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру аясында электронды еңбек биржасы жұмыс істеп тұр. Қазірдің өзінде оның қызметін 81 мыңнан астам жұмыс беруші мен 373 мың жұмыс іздеуші пайдаланды.

«Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында 700 денсаулық сақтау ұйымы медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізіп жатыр. Бүгінде 13,3 миллионнан астам адамның денсаулық тарихы электронды денсаулық паспорты арқылы жүргізіледі. Мәліметтерді жинау, электронды база құру медицинада пациенттерге сауалнама жүргізу, диагноз қою және бақылау, тәуекелдерді болжау саласындағы стартаптарды келешекте белсенді пайдалануға мүмкіндік береді», - деді Дәурен Абаев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 10 желтоқсан 2018

Мұрағат

Желтоқсан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту