Жиынды ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын бастау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Түркістан – бүкіл халқымыз үшін қасиетті қала. Біз бұл шаһарды одан әрі дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті тапсырмалар беріп, қажетті қаражат бөлдік. Уақыт келді, алайда ешқандай жұмыс басталған жоқ. Облыс орталығын салу жөнінде белгілеген жоспарды орындауға кірісу керек», — деді Елбасы.

Қазақстан Президенті қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үйлер алабын және әлеуметтік нысандарды салу басым бағыт болып саналатынын атап өтті.

Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Маминнің, Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың, Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының және Халықаралық сәулет байқауы комиссиясының төрағасы А. Зікіриннің Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасын іске асыру барысы, соның ішінде қалада жаңа нысандар салу жоспарлары туралы баяндамалары тыңдалды.

Соңында Мемлекет басшысы жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланудың маңыздылығына назар аударып, облыс орталығын энергиямен және сумен қамтамасыз ету салаларын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 12 желтоқсан 2018

Мұрағат

Желтоқсан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту