Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр хабарлады.

«Индустрияландыру жылдары $29,6 мыңнан $31,4 мыңға дейін өсім болды (3,6% өсім). Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар ықпал ететіні сөзсіз, дегенмен мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуде, және біз бұның нәтижесін көріп жатырмыз. Кез келген жаңғырту жұмыстары, цифрлық технологияларды енгізу шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттігінің маңызды факторы болып табылатын еңбек өнімділігінің ұлғаюына жол ашады. Осы жолда біз үздіксіз жұмыс атқарып жатырмыз», — деді Р. Скляр.  

Сонымен қатар, индустрия және инновациялық даму бірінші вице-министрі өнімділік өсімін шектейтін факторлардың бірі — өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытудың технологиялық деңгейі екенін атап өтті.

«Мемлекет кәсіпорындарымызды қолдау үшін түрлі ынталандырушы құралдарды пайдалануда. Мәселен, “Өнімділік-2020” бағдарламасы біз қолданатын бірқатар тетікті қарастырады. Биыл жаңа технологияларды енгізгені үшін 500 млн тг жуық өтемақы төленді, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар үшін субсидиялар қарастырылған, сондай-ақ, кәсіпорындарға технологиялық қайта жарақтандырылып, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін Қазақстанның даму банкі арқылы лизингтік несиелендіру қарастырылған. Бұдан өзге, экспортты қолдау бойынша арнайы бағдарламалар сыртқы нарықтарға шығу кезінде кәсіпорындарды ынталандырады, бұл еңбек өнімділігінің артуына жол ашады», — деп Р. Скляр, министрліктің міндеті – кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктерін ұсыну екенін атап өтті.  

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 желтоқсан 2018

Мұрағат

Желтоқсан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту