Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында 15 млрд теңге сомасына автобустарды, тракторлар мен комбайндарды лизингке сатып алу үшін Холдингтің құрамына кіретін «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның жарғылық капиталын арттыру туралы шешім қабылданды.

Бұдан өзге, қазақстандық жеңіл автокөліктерін сатып алушы жеке тұлғаларға несие беру үшін екінші деңгейлі банктерді шартты қаржыландыру арқылы отандық авто өндірушілерін қолдау үшін Қазақстанның Даму Банкіне кейіннен қарыз берумен «Бәйтерек» холдингіне несие беру мақұлданды. Екінші бағыт — қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, авто көлік құралдары мен арнайы мақсаттағы авто техникаларын лизингке сатып алатын заңды және жеке кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыруға несие беру.

Директорлар кеңесінің мүшелері 2019 жылға Бизнес-процестер, тәуекелдер және бақылаулар матрицасын және Холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы IV тоқсандағы есебін бекітті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 28 ақпан 2019

Мұрағат

Ақпан
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту