Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Қ. Бозымбаев газ тарату желілерінің төрт жобасын іске асыру Астана қаласының 370 мың тұрғынын, Қарағанды облысының (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және 5 ауыл) 270 мың тұрғынын және Ақмола облысының 100 мың тұрғынын газбен қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Сарыарқа» магистральді газ құбырын салуды ескергенде аталған жобаларды іске асыру өте маңызды, ол аталған өңірлерге газ жеткізіп, шамамен 740 мың адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.

Бұдан өзге, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында екі магистральді газ құбырын салу аталған өңірлерді үздіксіз газбен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының өзінде 130 мың тұрғынды қосымша газбен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, үш әкелуші газ құбырын және бір автоматтандырылған газ тарату станциясын салу көзделген. Соның нәтижесінде Жамбыл облысында 175 мың адам, Қостанай облысында 9 мың адам газбен қамтылады.

Электрмен жабдықтау бойынша 2019–2021 жылдар аралығында бірқатар нысанды реконструкциялап, салу ұсынылады. Олардың ішінде — Арқалық қаласында ЖЭО реконстукциялау жобасы.

«Бұл жоба қала үшін өте маңызды. Себебі қазіргі таңда жылу электр орталығы ескірген. Аталған орталық мазутты қолданған соң, оның өзіндік құны жоғары. Сондықтан жыл сайын 2 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Жылу электр орталығы көмірге ауыстырылса, субсидия бөлуді қажет етпейді, қазына үнемделеді. Сондай-ақ, Арқалық қаласының 12 мың абонентінің электр және жылумен қамтылу сапасы артатын болады», — деп түсіндірді министр.

Бұдан өзге, Астана, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысында электр беру желілерін салу көзделген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 28 ақпан 2019

Мұрағат

Ақпан
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту