Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысына барды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Асқар Мамин ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ақмола облысының әкімі қызметіне Ермек Маржықпаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатын оқып берді. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады. 

Өңір активімен кездесуде Премьер-Министр М. Мырзалинге облыс әкімі қызметіндегі жұмысы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. М. Мырзалиннің басшылығымен облыста жаңа әлеуметтік нысандар салынып, оның ішінде туризм саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.

«Мемлекет басшысы тағайындаған барлық қызметтерде Мәлік Кеңесбайұлы жоғары сенімді ақтай білді», — деді Асқар Мамин және жаңа қызметінде табыс тіледі.

Жаңа әкімді таныстырған Асқар Мамин осы күнге дейін Е. Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі болып жұмыс істеп келгенін айтты. Аршалы, Зеренді аудандарының әкімі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары ретінде қызмет етіп, өңірдің дамуына зор үлесін қосқан.

«Қазір облыстың алдында Елбасының “Әлеуметтік қамқорлық” жаңа әлеуметтік шаралары аясында ауқымды міндеттер тұр. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет», — деді А. Мамин.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі қарқынды дамуын жеделдетіп, туристік әлеуетін дамыту бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру қажет.

«2020 жылы Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей Өңіраралық ынтымақтастығы форумы өткізіледі. Облыс осы маңызды іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етуі керек», — деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі.

Соңында Асқар Мамин облыс активімен бірлесіп әкім ретінде Е. Маржықпаевтың өңір алдына қойылып отырған барлық тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Е. Маржықпаев 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогика институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы ұстаз ретінде бастады. 1995–2008 жылдары «Береке-Бурабай» бас директоры болып еңбек етті. 2008–2012 жылдары — Аршалы ауданының әкімі. 2012–2013 жылдары — Ақмола облысының Зеренді ауданының әкімі. 2013–2014 жылдары — Ақмола облысы әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары. 2015 жылдың қаңтарынан бастап қазірге дейін Көкшетау қаласы әкімі лауазымында болды. 

www.primeminister.kz

Жарияланды: 19 наурыз 2019

Мұрағат

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту