26.03.2024
Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек. Олжас Бектенов жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысын ерекше бақылауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.