Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтен құралған жұмыс тобын бастаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Қарағанды облысының Жезқазған қаласына барды.

Делегация сапарының алғашқы нысаны 2014 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еншілес кәсіпорны саналатын медициналық орталық болды. Онда күн сайын 800-ге жуық адам медициналық қызметтер алады, сондай-ақ, стационар жағдайында 300 адам емделеді.

Бұдан кейін Вице-премьер инклюзивті тәрбие мен білім беруге, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға мамандандырылған «Ертөстік» балабақшасына барды. Мектепке дейінгі мекеме заманауи жабдықпен жарақтандырылған, интерактивті тақтасы бар компьютер сыныбы, сенсорлық және медициналық кабинеттер, логопед пен психолог бөлмелері бар. Бүгінде мұнда 255 бала білім беру қызметтерін алып жүр.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Яркие умы» орталығына барды. Оның негізгі міндеті — халыққа алдыңғы қатарлы әдістемелер бойынша жүзеге асырылған цифрлық технологияларды қолжетімді ету, бағдарламалау мен роботты техника тілдеріне оқыту. Оның базасында көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ, жастар оқып, бос уақыттарын өткізеді.

Бұдан әрі ҚР Вице-премьері мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. 2018 жылы тұрақты жұмыс орындарына 2728 адам орналасты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2108 адам тартылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 243 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 115, жастар тәжірибесіне — 121 адам бағытталды. «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша 100 адам оқудан өтіп, 19 адам шағын несие алды.

Бұдан кейін Г. Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Атап айтқанда, бес баланың анасы Гүлмира Аманжолова Жезқазған университетінде оқып жатқан өзінің екі баласының оқу ақысына 50% жеңілдік беру мәселесін шешіп беруді сұрады. Вице-премьер өңір басшылығына аталған мәселені шешуді тапсырды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Н. Мамырбаеваның да мәселесі оң шешімін тапты. Г. Әбдіқалықова оны мамыр айында квота боынша Республикалық оңалту орталығына бағыттауды тапсырды.

Күннің негізгі шарасы Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдерінің, ірі кәсіпорындардың, бизнес құрылымдарының, кәсіподақтық ұйымдардың басшыларының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде өткен кеңес болды. Кеңесті ашқан Г. Әбдіқалықова көптеген ірі компанияларда дамыған елдерге тән, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, қайырымдылық және меценаттық белгілері бар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік моделі дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынған реформаларды жүзеге асырудың арқасында "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" түсінігінің талқылануының өзі Қазақстанда өркениетті нарық қалыптастыру жолында үлкен қадам жасалғанының белгісі. Жалпы алғанда, 2018 жылы республика бойынша әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнес 89,8 млрд тг сомасына 290 әлеуметтік нысан салынды», — деді Г. Әбдіқалықова.

Кеңес соңында ол бизнес қауымдастық басшыларын көп балалы және аз қамтылған жұмысшыларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсете отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жүйелі түрде ілгерілетуге шақырды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың Жезқазған қаласына жұмыс сапарының соңғы нүктесі сегіз бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана Г. Нұрмағамбетованың отбасы болды. Ол байыту фабрикасында конвейер машинисті болып жұмыс істейді. «Қазақмыс» корпорациясы оған жиһазы бар төрт бөлмелі пәтер сыйлаған. Пәтер иесі халыққа қамқорлық танытуға бағытталған өзекті әлеуметтік саясат жүргізіліп жатқаны үшін мемлекетке шын жүректен алғысын білдірді.

Өз кезегінде, жұмыс тобының басқа мүшелері Жезқазған, Сәтпаев қалаларының нысандарын аралады. Олар ауруханалар, емханалар, мектептер мен салынып жатқан нысандарға барды. Тұрғындармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Бұдан өзге, халықты жеке қабылдаулар өткізілді, онда қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Қарағанды қаласында жалғасады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту