ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова баяндады, сондай-ақ жатақханалар салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқан, тәжірибелерін басқа өңірлер үлгі ете алатын Жамбыл облысының, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

ҚР Үкіметінің алдында 2022 жылға дейін 75 мың жаңа орынға арналған жаңа студенттік жатақханаларды пайдалануға беру міндеті тұр. Осы қажеттілікті шешуге қажет қаржы моделі әзірленген, ол оқу орындарының өз қаражаты немесе инвестор қаражаты есебінен жатақханаларды енгізуді және пайдалануға бергеннен кейін мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қарастырады. Кәсіпкерлер үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Банктердің пайыздық мөлшерлемесі 7%-ға дейін төмендетіліп, құрылыс ережелері жеңілдетілді, мемлекеттік тапсырыс қаржы жағынан қамтамасыз етілді.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин аралық оң қорытындыларды атап өтті. Осы жылдың соңына дейін 9 мыңнан астам орын пайдалануға беріледі деп күтілуде, жоспардағысы — 5 мың орын.

«Жоғары деңгейдегі білім беру жүйесін құру үшін студенттердің тұру жағдайын жасау керек», — деді Асқар Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы жатақханаларды пайдалануға берудің нақты жоспарларын әзірлеп, орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Осы бағытта инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру қажет. Жатақханалар салуды бірлескен күш-жігермен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалғастыру қажет. Бұл ретте қолда бар тетікті негізге алып жұмыс істеу керек, себебі жатақханалар құрылысына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.

«Әкімдер ректорлармен және оқу орындарының басшыларымен бірлесіп, студенттер жатақханаларын салу жұмысын жандандырып, жоспарланған нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз етсін, қымбат жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тоқтатсын», — деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту