ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының студент жастардың тұру жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.

ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова Елбасының 75 мың орындық жатақхана салу туралы Үшінші бастамасын орындау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Өткен жылдың өзінде оқу орындары мен жергілікті бюджет есебінен 3 мыңнан астам орын енгізілді. Осы жобаға инвесторларды кеңінен тарту мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаларына негізделген арнайы тетік жүзеге асырылуда, қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылып, қаржы көлемі бекітілді. Жатақханалар құрылысымен айналысатын кәсіпкерлерге инженерлік коммуникациялары дайын жер телімдері беріліп жатыр.

«Мемлекет банктік несиенің 7%-ын субсидиялайды, жатақханалар құрылысына қойылатын талаптар жеңілдетілді. Бұл шаралар инвесторлар шығындарын қысқартып, жобалардың жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік береді», — деп ҚР білім және ғылым министрі, жатақхана қолданысқа берілгеннен кейін 8 жыл қатарынан мемлекеттік тапсырыс орналастырылатынын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында жатақхана ақысын әкімдік тарапынан субсидиялау тетігі енгізілген. Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам орынның енгізілуін қамтамасыз ететін 43 жоба іске асырылып жатыр. Олардың 20-сы кәсіпкерлердің, 24-і оқу орындарының, оның ішінде 13-і жеке меншік оқу орындарының бастамасымен жүзеге асады.

«Аталған жобалар аясында осы жылдың өзінде жоспарланған 5 мыңның орнына 9 196 орын енгізіледі. Яғни, жоспар 184%-ға орындалады», — деді К. Шәмшидинова. Өңірлердің арасында алдыңғы қатарда — Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік жоғарғы білім ордаларымен салыстырғанда, жекеменшік оқу орындарының белсенділігі анағұрлым жоғары. Мысалы, биыл жекеменшік оқу орындары 8 жатақхананы енгізетін болса, мемлекеттік оқу орныдары небәрі 2 жатақхананы енгізбек.

«Өңірлерде жатақханалар құрылысын кеңінен тарату мақсатында инвесторлармен кездесулер өткізіледі, жобаның арнайы сайты іске қосылды. Биылғы мамыр–қыркүйек айларында инвесторларды кеңінен тарту үшін үздік жобалар акциясы өткізілетін болады», — деді білім және ғылым министрі.

Өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов пен Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов баяндады.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова жатақханаларды уақытылы енгізу және студенттер үшін қолайлы тұру жағдайын қамтамасыз ету ұзақмерзімді міндет екенін атап өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту