2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қабылдаған шешімдердің орындалу барысын қарап, Одақ аясындағы өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелері жөнінде пікір алмасады.

Отырыстың күн тәртібінде — өнеркәсіптік кооперация және технологиялар трансфері, цифрландыру, сауда, кедендік әкімшілендіру және т.б. салалардағы 13 мәселе қаралады.

ЕАЭО аясында елдердің бірігуі мүше мемлекеттер халқының тұрмыс деңгейін жақсарту тұрғысынан ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жан-жақты жаңғыртуға, ынтымақтастыққа бағытталған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту