Бүгін елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық кеңесінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Шара барысында сөз алған ҚР Мәдениет министрі - ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы жиынға қатысушыларды кеңестің табысты аяқталуымен құттықтай келе: «Аталған шараны өткізу әлемдегі барлық ұлттық комиссиялардың арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы жолында маңызды қадам болды және ЮНЕСКО Хатшылығы арасында серіктестік қатынастардың дамуына үлес қосты деп нық сеніммен айта аламыз», - деді.

Сонымен қатар министр ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның мәдениет пен өнер, білім мен ғылым арқылы халықтар арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы ерекше рөліне баса назар аударатындығын атап өтті.

«ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық кеңесін шын ризашылықпен жабуға рұқсат етулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығына осы шараны ұйымдастыруға белсенді көмек көрсеткені және ҚР Ұлттық комиссиясына сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін. Осы кеңес барысында айтылған игі бастамалар мен принциптерді ілгерілетуге барлығымыздың лайықты үлес қосатындығымызға сенімдімін», - деп аяқтады сөзін А.Мұхамедиұлы.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 24 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту