«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің Шымкент пен Тараз аралығындағы учаскесінде жерасты жолы салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.

«Шымкент пен Тараз аралығындағы шекарада жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде біз Қазақстандағы ең бірінші тоннель салуды жоспарлап отырмыз. Жұмысты Иран компаниясы жүргізуде. Жамбыл облысында Қордай елді мекенін айналып өтетін жол учаскесі аяқталуға жақын. Оны биыл бітіреміз», - деді вице-министр.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Қазақстан аумағындағы жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жобаны 2015 жылы толығымен аяқтау жоспарланған. Биыл жолдың 157 шақырымы пайдалануға берілмек. Жалпы қазіргі уақытта 1345 шақырым жолда құрылыс жүргізілуде. Оған 35 мың адам мен 4 мың құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Қазақстан нарығына ресейлік туристік операторлардың кіру қаупі бар. Бұл туралы өткен брифингте М.Пішембаев айтты.

Вице-министр өз сөзінде «Гүлнәр тур» компаниясына қатысты орын алған жайттардан кейін еліміздегі туристік сала қиындыққа ұшырап отырғандығын атап өтті. Сонымен бірге қазақстандық нарыққа ресейлік туроператорлардың кіру мүмкіндігін де жоққа шығармады.

«Әрине, мұндай қауіп бар. Дегенмен, біздің өзімізде де жақсы туристік компаниялар жеткілікті. Бұған қоса, бұл мәселемен біздің ұлттық кәсіпкерлер палатасы да белсенді айналысып жатқанын білемін. Біз жай әшейін ғана нарықты беріп қоймаймыз деп ойлаймын», - деді М.Пішембаев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 25 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту