Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның Премьер-Министрі Жоомарт Оторбаевпен және экономика министрі Темір Сариевпен екіжақты кездесулер өткізді. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Қырғыз өзара іс-қимылдың, энергетикалық сала, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы-инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың  қазіргі жайы мен перспективалары қаралды.

Сондай-ақ, тараптар Қырғызстанның Кеден одағына кіруі мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сұхбат барысында Б.Сағынтаев пен Ж.Оторбаев іскерлік әріптестікті кеңейту үшін екі елдің үлкен перспективасы бар екенін атай отырып, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.

Б.Сағынтаев пен Т.Сариевтің кездесуінің маңызды нәтижесі Қазақстан мен Қырғызстанның екі жақты ынтымақтастығы туралы және Қырғыз Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одаққа кіруі туралы Хаттамаға қол қоюы болды. 

www.primeminister.kz

Жарияланды: 26 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту