Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17 млн. тонна астық бастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов мәлім етті.

«Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысының диқаншылар қыстық дақылдар есебінен жаман өнім алмайды. Бұл- қуантарлық жайт. Бұл өңір ағымдағы жылы гектарына 15 центнерден өнім алады. Мәселен, Ақтөбе облысында алапат ыстық болды. Дегенмен, бұл өңірде де астық шығымы өз шығынын өтейді деп есептейміз. Ал толықтай алғанда, жалпы егістік алқабынан жиналатын бункерлік салмақтағы астық көлемі шамамен 17  млн. тонна болатындығын болжаудамыз», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, астық терімі басталатын уақытта жаңбыр жауса, бұл өнім түсіміне кедергі келтіруі ықтимал.

Елімізде астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге 2,7 млрд. теңге бөлінді.

C. Қасеновтің атап өтуінше, елімізде дәнді дақылдарға қауіпті 300-ден аса зиянкес бар. Мәселен, арамшөптерді дер уақытында уламаса, онда олар астық шығымын кемінде 2 есеге төмендетеді. Ал биыл жауын-шашынның мол түсуі себепті дәнді дақылдардың қоңыр тот пен септориоз аурулары бой көрсете бастады. Олар бидай, арпа, сұлы өсірумен айналысатын Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарына қауіп төндіріп тұр.

«Біз жылына 2-2,5 млн. гектар алқапқа ауру таралу мүмкіндігін болжайтынбыз. Ағымдағы жылы да 2,5 млн. гектарды болжадық. Оның ішінде зиянкестерден улайтын көлем - 1,8 млн. гектар. Астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге 2,7 млрд. теңге бөлінген», - деді ол.

С. Қасеновтің атап өтуінше, егістікті аурулардан қорғау үшін 87 бүріккіш техника жұмылдырылған. Оның 41-і ұшақ, ал 46-сы - аэрозольді генератор.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту