2017 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуростандарт бензинімен қамтамасыз етіледі.    Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың алты айында 7,2 млн. тонна мұнай өнімдері өңделді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрайды.

«Қазіргі таңда қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп күтіліп отыр.  Нәтижесінде 2017-2022 жылдары Қазақстан толығымен Еуро-4, Еуро-5 стандарттарындағы бензинмен, дизельдік отынмен, авиакеросинмен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр Ұ. Қарабалин.

1 тамызда елімізде бензин мен дизельдік отынның бағасы еш өзгеріссіз қалады.

«Көп әңгіме болып жүрген баға мәселесіне келсек, 1 тамызда елімізде бензин мен дизельдік отын бағасы көтерілмейді, айдың аяғына дейін сол қалпында тұрады деп ойлаймыз. Жалпы, жанар-жағармай бағасына қатысты талқылаулар ай сайын орын алып тұрады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бензин бағасын талқылау басталған, ол жалғасып келеді әрі ведомствоаралық комиссия отырыстарында, біздің министрлікте де, басқа мәжілістерде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Үкіметте де осы мәселелер айтылады.  Ендеше бензин мәселесі талқыланған сайын оның бағасы көтерілуі мүмкін деген сөзді білдірмейді», - деді Ұ. Қарабалин.

Сонымен бір мезгілде министр бүгінгі күні Қазақстандағы бензин бағасы еліміз шекараласатын мемлекеттерге қарағанда, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға қарағанда төмен екенін атап өтті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 шілде 2014

Мұрағат

Шілде
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту