«Almaz tourizm» туроператоры түркиялық компаниямен арадағы дау шешілгенге дейін Түркияға туристер жібермейді. Бұл туралы бүгін ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, кеше комитет «Almaz tourizm» туристік операторының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, қолдарында бар ақпараттарды БАҚ өкілдеріне беруді сұраған.

«Олар бүгін Алматыда сағат  11:30 сұхбат береді. Бұған қоса, біз компаниядан өз туристерін Түркияға жібермеуді талап еттік. Компания басшылығы туристерін жібермейтіндігінен сендірді. Ағымдағы жылғы қазан айына дейін олар келісімшартқа отырған туристер саны 300 адам», - деді ол.

 М.Иғалиевтің сөзіне қарағанда, туристік компания комитеттің өтініші бойынша күні-түні жұмыс істейтін жедел желі іске қосты. Сонымен қатар компания ақшаларын қайтарып алғысы келген туристерге қаржыларын қайтаруда.

«Бұған қоса біз олардан компанияның қаржылық ахуалы жайында ақпарат беруді сұрадық. Бұған компания басшылығы өздерінің қаржылық жағдайлары тұрақты екендігін айтып отыр», - деді комитет басшысы.

Қазақстандық туристердің қорғалуына кепілдік беретін заң келер жылы қоғам талқылуына ұсынылмақ. «Туристер мүддесі қорғалуы үшін заңнамаға өзгерістер енгізу мақсатында жұмыс тобын құрдық. Біз келесі жылы туристеріміздің қорғалуына кепілдік беретін заңды талқылауға шығармақпыз», - деді Марат Иғалиев.

Комитет басшысының атап өтуінше, комитет аталған заңда бақылау нормаларын қатаңдатуға баса мән бермек. Өйткені, қазіргі уақытта туризм саласында лицензия алу өте жеңіл болып отыр.      

Сонымен қатар комитет төрағасы «Almaz tourizm» туристік операторы оның түркиялық серіктесі «Trek Travel International» компаниясы арасындағы дау шаруашылық субъектілерінің  бухгалтерлік деңгейінде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

М.Иғалиев өз сөзінде «Гүлнәр турмен» байланысты орын алған жайтта мемлекет 1 тиын да шығындамағандығын баса айтты. «Менің білуімше, «Гүлнәр турдың» Түркиядағы барлық туристерін шілде айының ортасында елге жеткіздік. Қазіргі уақытта Түркияға демалуға баруға тиісті туристер жоспарлы тәртіппен аттануда», - деді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 01 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту