Жекешелендірудің екінші толқыны жекелеген тауар нарығындағы бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Бүгін жекешелендірудің екінші толқынына арналған брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов осылай мәлім етті.

Вице-министр өз сөзінде стратегиялық емес нысандардың жекешелендіруіне байланысты Үкіметтің 2014-2016 жылға арналған кешенді жоспары қабылданғанын жеткізді. Бұл кешенді жоспар квазимемлекеттік секторға тиесілі ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруді қарастырады. Соған орай, жеке секторға өтетін нысандар тізімі де бекітілген.

«Осының аясында квазимемлекеттік сектордың 789 нысанын жекешелендіру көзделеді. Олардың ішінде республикалық меншіктегі ұйымдар - 29 және 3 нысан, коммуналдық меншікте - 416 ұйым (шипажай, лагерьлер, ғылыми-зерттеу институттары, спорттық клубтары мен нысандар, жолаушылар тасымалдары, БАҚ) жекешеленеді. Ұлттық холдинг пен компаниялар арасында бәсекелестік ортаға 337 актив беріледі. Соның ішінде «Самұрық-Қазына» қорынан 106, «Бәйтерек» холддингінен - 15, «ҚазАгро» холдингінен -32, «Парасат» -8, «Зерде» -2 нысан және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардан 174 ұйым өтеді», - деді М. Құсайынов.

Оның пайымынша, жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру бірінші кезекте жекелеген тауар нарығындағы бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. «Бұл бизнесті қолдау мен бәсекелестікті дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының біріне жатады. Бұдан бөлек, инвесторлардың келуі кәсіпкерліктің тиімділігіне айтарлықтай әсер етуі ықтимал. Сосын осының арқасында ұсынылатын қызметтердің сапасы да жақсаруын да күтеміз», - деді вице-министр. Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда жекешелендіру жөніндегі тұрақты комиссия өз жұмысына кірісіп, жекешелендіру бағытында сатылатын нысандар тізімі жасақталған. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 04 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту