Тұрмыстық қатты қалдықтар шығаратын кәсіпорындарды жекешелендіру қажет. Бүгін Орталық телекоммуникациялар қызметінде жекешелендірудің екінші толқынына арналған брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов осылай деді.

«Мемлекеттің бәсекелестік ортаға қатысуы нарықтың шоғырлануына әкеледі. Бұған қоса, қатысушылардың өздері-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар шығару бойынша қызметтер нарығында бәсекелестік қарым-қатынасты дамыту қажеттігін атап өтуде әрі квазимемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілген жағдайда бұл қызметтерді толық көлемде көрсетуде дайын екендіктерін қуаттап отыр», - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, агенттік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрамындағы шағын несие ұйымдарын, сервистік дайындау орталықтарын, бірқатар зауытты, жерді пайдалану саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіруді ұсынады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 04 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту