Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 12 нысан 62,3 млн. теңгеге сатылды. Бүгін Орталық телекоммуникациялар қызметінде жекешелендірудің екінші толқынына арналған брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов осылай деді.

«Сатылымға шамамен 40 нысан шығарылып, 14-і бойынша сауда жүргізілді. Оның 12-сі мемлекеттік меншік, ал 2-еуі ұлттық холдинг нысаны», - деді вице-министр.

Р.Дәленовтің сөзіне қарағанда, сатылған нысандардың бағасы күтілген деңгейден біршама асып түскен. «Ең қызығы мемлекет меншігіндегі 12 нысанның бастапқы бағасы 49 млн. теңгені құраған еді. Ал сатылған құны - 62,3 млн. теңге, яғни 30 пайызға артық. Бұл сауда-саттықтың ең басты ерекшелігі, барлығы да коммерциялық бағамен сатылды», - деді ол.

Оның айтуынша, бастапқы бағасы 150,6 млн. теңгені құраған холдингтердің 2 нысаны 2,5 есеге қымбатқа, нақты айтқанда 376,5 млн. теңгеге сатылған.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 04 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту