ҚР Үкіметі Халықаралық стандарттау ұйымымен (International Organization for Standardization (ISO) әріптестік туралы меморандумға қол қоймақ.

Бұл туралы қазақстандық кәсіпкерлердің Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы Роб Стилмен кездесуі барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев мәлім етті.

«Біз бүгін Үкімет басшылығындағы лауазымды тұлғалармен кездесу өткіздік, жақын арада Халықаралық стандарттау ұйымымен меморандумға қол қою ниетіміз бар. Оның ішінде техникалық көмек, консалтинг, тренингтер өткізу, халықаралық стандарттарды пайдалану бағытындағы байланыстар қарастырылады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау сынды салаларда ілкі жоба ретінде реттеу тетіктерін енгізу мәселелері қамтылады. Біз үшін бұл өте маңызды, сондықтан оның барлығын жаңағы меморандумға қосамыз. Осы тұста ешбір мәселені тыс қалдырмау үшін кәсіпкерлер палатасы бұл іске белсенді атсалысса дейміз», - деді Б.Қанешев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 04 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту