Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев селекторлық режимде әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу бойынша Республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысын өткізді. 

Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіби одақ өкілдері қатысты.  

Республика өңірлеріндегі еңбек қарым-қатынастырының жағдайы туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндады. 

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері 10 еңбек жанжалы, оның ішінде Маңғыстау облысында - 4, бір бірден - Астана қаласында, ШҚО, СҚО, ОҚО, Алматы және Атырау облыстарында шыққан. Еңбек жанжалының негізгі шығу себебі жалақыны уақытылы төлемеу және жұмысшылардың оны көтеруін талап етуі болып отыр. 

Еңбек министрінің айтуынша, барлық жанжалдар мемлекеттік органдардың қатысуымен құқықтық жауап қайтару арқылы дер кезінде реттелді. Еліміздегі жалақы бойынша қарыз үстіміздегі жылдың ақпанынан бастап шілдесіне дейін шамамен үш есеге қысқарып, 253 млн теңгені құрады.  

Сондай-ақ, РҮК отырысында Еңбек күнін өткізуді ұйымдастыру бойынша Іс-шаралар жоспары мақұлданып, ҚР Үкіметі, республикалық жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім жобасы қаралды.  

Кеңесті қортындылай келе, Б.Сағынтаев жұмысшылар мен жұмыс берушілердің серіктестік қарым-қатынасы саласындағы құқықтық білім мен мәдениет деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, сондай-ақ қарыздарды өтеу бойынша жұмысты жандандыруды және жалпы жалақы төлеу мәселелерін шешуді тапсырды. 

ҚР Премьер- Министрінің Баспасөз қызметі

Жарияланды: 04 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту