Бүгін елордада Орталық Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның ұлттық стандарттау органдарының атқарушы директорларының форумы өтуде. Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Орталық Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның 16 мемлекетінің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарының топ-менеджерлерінің және ИСО бас хатшысы Роберт Стилдің қатысуымен Қазақстанда бұл шара алғаш рет өткізілуде. Астанада ИСО іс-шараларын өткізу дәстүрге айналатындығына үміт артамын», - деді Ә.Исекешев.

Оның атап өтуінше, бүгінде Қазақстанда халықаралық стандарттарды дамыту және оларды пайдалану  бағытындағы бизнестің белсенділігі байқалып келеді. Бұл еліміздің  ДСҰ-ға кіруге ұмтылысымен, интеграциялық бірлесіктердің дамуымен, сонымен бірге индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылумен байланысты.

«Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік аренада өте белсенді серіктеске айналып отыр. Меніңше, Қазақстанның ИСО-мен тығыз өнеркәсіптік кооперациясын стандарттау саласындағы бірыңғай ойын ережесін түзуге септігін тигізетін болады», - деді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 05 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту