Энергетика министрлігі құрылып, оған Владимир Школьникті басшылық жасайтын болды.  Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н. Назарбаев мәлім етті.

«Энергетика министрлігі құрылады. Өйткені бізде энергетика саласында тәртіпсіздік орын алып отыр.  Түсініксіз, мұнай мен газ бір жерде, қатты энергетика келесі жерде, электр энергиясы үшінші, атом энергетикасы төртінші  орында. Ештеңе де түсінбейсің», - деп атап өткен Мемлекет басшысы энергетика саласын бір орынға шоғырланатындығын баса айтты. ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл министрлікке Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергетика саласына қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты қызметтері мен өкілеттіліктері беріледі.

«Талқылап, ойлана келе бұл саланы энергетиканы түсінетін Владимир Школьникті Энергетика министрі қызметіне тағайындау шешімін қабылдадым» , - деген Н.Назарбаев бұған дейін Мұнай және газ министрі болған Ұзақбай Қарабалинді жаңа министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын айтты.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 06 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту