ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресеймен ел аумағына азық-түлік өнімдерін импорттауға эмбарго жариялау туралы келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева айтты.

"Мен мұндай талқылаудың жүріп жатпағанын нақты айта аламын. Өйткені бізде Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігі немесе Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі мұндай ұсыныспен хабарласты деген ақпарат жоқ. Әрі мұндай талқылау жүріп жатқан жоқ", - деді Г. Исаева журналистарге берген сұхбатында.

Ал журналистердің ҚР АШМ Ресейдің шетел азық-түлігіне деген санкцияларын қолдауы мүмкін бе деген сұрағына вице-министр әзірге мұндай мәселе талқыланбағанын айтты.

Оның айтуынша, шетелден әкелінетін азық-түлік пен малдан түрлі қауіпті аурулар табылып жатса, онда ешқандай Ресейдің қатысынсыз, өз еліміздің заңнамаларына сәйкес белгілі бір елдердің импортына шектеу қойылады.

"Сондықтан, бұл мәселе сол кездегі жағдайға байланысты болады. Сондықтан біз үшін қазір ең бастысы еліміздің тыныштығын сақтау" , - деп атап өтті вице-министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту