Бүгін жұмыс сапарымен Орал қаласына келген ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жергілікті қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында болды.

С.Ахметов арнайы мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындардың қызметімен танысты. Министрге «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты», «Уральскагрореммаш», «Зенит» Орал зауыты» акционерлік қоғамдарында жаңа өндірістік желілерді игеру бағдарламалары, олардың перспективалық даму жоспарлары туралы баяндалды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы мемлекеттік әскери-техникалық саясаттың өзекті мәселелеріне ерекше тоқталып, қорғаныс өнеркәсібі секторының нысандарын әрі қарай нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

«Еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін үдемелі дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалды», - деген С.Ахметов перспективалық жобаларды іске қосу, заманауи желілерді енгізу, жаңа технологиялық деңгейге шығу қажеттігін атап өтті.

Министрдің пікірінше қорғаныс ведомствосының кәсіпорындары халықаралық қару-жарақ нарығында өз позицияларын нығайту үшін үлкен әлеует пен мүмкіндіктерге ие.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 20 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту