Бәсекелестік ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы беріліп, 380 нысан қайта ұйымдастырылады не жойылады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

«Квазимемлекеттік сектор ұйымдарын оңтайландыру мақсатында ағымдағы жылы Үкіметпен бәсекелестік ортаға берілуі тиісті квазимемлекеттік сектор субъекілерінің атаулы тізімі бекітілді. Бәсекелестік ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы беріліп, 380 нысан қайта ұйымдастырылады немесе жойылады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, республикалық меншікке тиісті 29 ұйым мен 3 нысан және коммуналдық меншіктегі 416 ұйым жекешелендіріледі.

«Ұлттық холдингтер мен компаниялар тарапынан бәсекелестік ортаға 337 актив, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорынан - 106, «Бәйтерек» холдингінен - 15, «ҚазАгродан» - 32, «Парасаттан» - 8, «Зердеден» - 2, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардан - 174 ұйым бәсекелестік ортаға берілетін болады», - деді М.Құсайынов.

ҚазАқпарат

 

Жарияланды: 21 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту