ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен комитет төрағалары тағайындалды. Бүгін Әсет Исекешев оларды министрлік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен, төраға болып тағайындалғандар:

1. Аэроғарыш комитетіне - Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы;

2. Автомобиль комитетіне - Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы;

3. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне - Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы;

4. Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне - Ержанов Аманияз Қасымұлы;

5.  Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне - Нұрабаев Базарбай Қанайұлы;

6. Техникалық реттеу және метрология комитетіне - Қанешев Біржан Бисекенұлы;

7. Көлік комитетіне - Асаубаев Әсет Асанұлы;

8. Азаматтық авиация комитетіне - Сейдахметов Бекен Қанелұлы;

9. Инвестиция комитетіне - Хаиров Ерлан Қартайұлы.

ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриялық-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 21 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту