Жастар жұмыссыздығы қысқарды.  Бұл туралы бүгін Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде бір мыңнан астам жастар ұйымдары қызмет етуде, оның 11-і республикалық ұйымдар болып табылады.

«Бір жылда жастар жұмыссыздығы қысқарды.  Алайда 16-29 жас аралығындағы  33,7 пайыз жұмыссыз жастар бар (17 мың адам). Халықты еңбекпен қамту органдарының қолдауымен «жастар тәжірибесінен» өтуге 1,5 мың білім беру ұйымдарының түлектері жіберілді», - деді А. Сәрінжіпов.

Парламент Мәжілісіне «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы енгізілгеніне тоқталған ол, «мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді ведомство басшысы.

Бүгінде Қазақстандағы 9148 мектепке дейінгі ұйымдарда 700 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.

«Өткен жылы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 1990  жылдағы рекордтық көлемнен асып түсті. Ол кезде елімізде 8881 ұйым болған еді. Биылғы жылы біз бұл белестен асып түсіп, олардың саны 9148-ге жетті. Бүгінде бұл ұйымдарда 700 мыңнан астам (709,4 мың) бала тәлім алуда», - деді министр.

 Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 384-ке артты.

«Алайда бұл өсімнің негізгі үлесі шағын-орталықтардың ашылуымен қамтамасыз етілді. Олар әзірге мектепке дейінгі білімнің барлық мақсаттарын шешпей отыр», - деп тоқталды ведомство басшысы.

3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көлемі бүгінде 73 пайызды құрап отыр. «Бұл жаман көрсеткіш емес. Осы орайда мектепке дейінгі біліммен қамту көлемі бойынша Қазақстан Австралия, Канада, Франция, Польша, Швейцария және Түркия секілді мемлекеттермен бір деңгейде тұр», - деп түйді ол. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 22 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту