Ағымдағы жылдың соңына дейін апатты мектептер картасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

«Үш ауысыммен сабақ беретін және апатты мектептерді жою жұмыстары жалғасуда. Оларды жергілікті атқарушы органдармен және жеке сектормен бірлесіп  5 жылдық мерзім ішінде жоюдың кезең-кезеңдік жоспары жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін апатты мектептер картасы әзірленетін болады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Вице-премьердің атап өтуінше, картада өңірлердегі барлық апатты мектептер және олардың жыл сайын жойылу мүмкіндігі анық көрсетілуі тиіс. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тамызында елімізде 176 апатты мектеп қалып отыр. Ал жыл басында олардың саны 180 мектеп болатын. Бұдан бөлек, жыл басында үш ауысыммен сабақ беретін 104 мектеп болса, 1 тамызда олардың 103-і қалды.

«2014-2016  жылдары 258 мектеп салу жоспарланған. Олардың 192-сі 141,3 млрд. теңге республикалық бюджет қаржысы есебінен салынады», - деді ол.

 Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады.

«Ауылдық жерлерде білім беруді дамытуға, тірек ауылдарда интернаттарды қайта құру арқылы шағын жиынтықты мектептердің материалдық-техникалық базасын және кадрлық құрамын нығайтуға ерекше назар аудару қажет», - деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламасы, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңартылу үстінде екендігін атап өтті.

«Мектепке дейінгі ұйымдарды жергілікті деңгейде оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау мәселесін заңмен реттеу жоспарлануда. Заң жобасы 2014 жылдың құыркүйегінде Парламентке енгізіледі», - деді Г.Әбдіқалықова.

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады.

«2009 және 2012 жылдары жүргізілген ЭЫДҰ PISA халықаралық зерттеулері негізіндегі тәжірибені тарату аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жаңа жобасын әзірледі. Стандарт 2015-2016 оқу жылдарында 30 мектептің базасында қабылданатын болады», - деді ол.

Осы орайда вице-премьер жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтер дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігін баса айтты.

«Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуі тиіс. 12 жылдық білім беру беру моделіне көшу аясында білім бағдарламаларының мазмұнын түбегейлі өзгерту қажет.  Үш жыл ішінде қысқа мерзімді және 3 деңгейлі курстардан 315 мың педагог өтетін болады», - деді Г.Әбдіқалықова.

2016 жылы Қазақстанда біліктілігін арттырған ұстаздар саны 73 мыңнан асып жығылатын болады.

«Педагогтерді кәсіби тұрғыда дамыту үшін біліктілік арттыру орталықтары құрылды. Педагог кадрларды дайындау және біліктіліктерін артыру жүйесі жетілдірілді. Кембридж университетімен бірлесіп, біліктілік арттырудың 3 деңгейлі жүйесі енгізілді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Вице-премьердің атап өтуінше, 2012-2014 жылдар аралығына 150 мың адам қысқа мерзімді курстан, 39 мың адам үш айлық курстан өткен. Соның нәтижесінде аталған ұстаздардың жалақылары 30-дан 100 пайызға дейін өскен.

«2014 жылдың соңына дейін - 9 770, 2015 жылы - 16 592, 2016 жылы - 16 590 педагогті оқыту жоспарлануда. Нәтижесінде 2016 жылы 73 123 оқытушы білім алады», - деді ол.

Жаңа оқу жылында 2 мың студент еңбек күші жеткіліксіз аймақтардағы 7 ЖОО мен 24 колледжде білім ала бастайды.

«Индустрияландыру үшін кадрларды дайындау жүйесі жетілдірілуде. Барынша талап етілетін 20 мамандық айқындалған. Үкімет кадрларды дайындау бойынша 10 ЖОО мен 10 колледж белгіледі. Олар дамудың дербес бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады», - деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, өңірлердегі мамандықтардың қажеттілігін ескере отырып білім беру гранттарын қайта бөлумен байланысты ахуалды ретке келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілуде. Жұмыс күші мол аймақтардың жастарын оқыту үшін жаңа ынталандыру тетіктері қарастырылған.

«Жаңа оқу жылында 2 мың студент еңбек күші жеткіліксіз аймақтардағы 7 ЖОО мен 24 колледжде білім ала бастайды. Бұған қоса, колледждердің өндірістік өнеркәсіптермен серіктестік картасын одан ары айтарлықтай кеңейтіп, дуальды білім беру қағидаттарын кеңінен қолдану қажет», - деді Г.Әбдіқалықова.

Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша колледжке түсу кезіндегі конкурс жойылады. Бұл туралы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

«Техникалық және кәсіптік білім беруді кепілдендірудің қағидаттары айқындалды. Онда жұмысшы мамандықтары бойынша колледжге түсу кезіндегі конкурсты жою, бұл мақсаттарға жастарды қамтуды арттыру және мемлекеттік тапсырысты көбейту қарастырылған. Жұмыс 2017 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Парламентке енгізу жоспарланған заң жобасында аталған мәселелерді реттеу қарастырылған», - деді Г.Әбдіқалықова.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 22 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту