Бүгін «Спасск» полигонында (Қарағанды облысы) «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтті.

Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағында ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерін қолдану жөніндегі ірі ауқымды маневрлерге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан 3000-ға жуық әскери қызметші тартылған.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, сондай-ақ РФ Қорғаныс министрінің бірінші орынбасар армия генералы Аркадий Бахин, Армения қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Давид Тоноян, Беларусь ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Олег Белоконев қатысты.

ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов оқу-жаттығуға қатысушыларды оның табысты аяқталуымен құттықтады. Министр: «Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҰҚШҰ шеңберіндегі коалициялық өзара іс-қимыл мәселелеріне үлкен көңіл бөледі», - деді.

Ол Ұйым әскери құраушысының қарқынды дамып келе жатқанын және Ұжымдық жедел ден қою күштерінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жауапкершілік аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролін атап өтті.

«Барлық әскери қызметшілер жауынгерлік дағдысын және кәсіби іс-қимыл көрсетті», - деген министр осындай оқу-жаттығуларда штаб офицерлері әскерлерді қолдануды жоспарлауда жақсы тәжірибе жинақтап, өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік алатындығын атап өтті.

С.Ахметов әскери қызметшілерге олардың жоғары кәсіби шеберліктері мен жауынгерлік дағыдалары үшін алғыс білдіріп, ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің қауіпсіздігі мүддесінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде табыстар тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жауынгерлік іс-қимылдарды даярлауда және әскерлерді басқаруда, соның ішінде өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру өңірінде контингенттерді өрістету кезінде ҰҚШҰ ҰЖӘЕК басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерінің «Өзара іс-қимыл» кешенді оқу-жаттығуының мақсаты болып табылады.

«Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы ерекшеліктері қатарында алдын ала кезеңде Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерін ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштері құрамында әскери-көліктік авиацияның ұшақтарымен жеткізуін және ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерін Қазақстан мен Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біртұтас өңірлік жүйесімен бүркемелеу мәселесі бойынша практикалық міндеттерді орындауын атауға болады.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында тұңғыш рет ақпараттық қарсы тұруды және психологиялық күресті ұйымдастыру, оларды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындауға ерекше назар аударылды.

«Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің әскери саладағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және геосаяси сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі ҰЖДҚК контингенттерінің мүмкіндіктерін арттырады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 22 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту