Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен Қазақстанның қоғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі кеңейтілген көшпелі кеңес өтті.

Кеңесті ашқан министр Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы қорғаныс секторының маңызын атап өтіп, «Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелеріне, оны диверсификациялауға және экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр», - деді.

С.Ахметов қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын әрі қарай дамыту, олардың өндірістік инфрақұрылымын дамыту, тапсырыстар жүктеу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты уақтылы және сапалы орындау жөніндегі шараларға назар аударды.

Министр айтқандай әскери мақсаттағы өнім шығару бойынша 15 негізгі перспективалық жоба айқындалды, оларды іске асыру бойынша жол карталары бекітілді, қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік қолдау бойынша барлық қажетті әкімшілік және заңнамалық база жасалуда.

Алда күтіп тұрған 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жағдайындағы жұмыстарғы қатысты С.Ахметов бұдан әрі сауда-экономикалық және кооперациялық байланыстарды дамыту, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы экспорттық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өтті.

Жиналыста мемлекетішілік және халықаралық зауытаралық кооперацияларды дамыту, өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейту, кадрлар мен ғылым әлеуетін арттыру қажеттігі аталып өтті.

Осы іс-шара орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы ашық сұхбат алаңы болды, ағымдағы жобалардың іске асырылу барысы талқыланып, жалпы қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары қаралды.

Кеңейтілген кеңес «Қазақстан Инжиниринг» акционерлік қоғамы және Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Қазақстан Аселсан инжиниринг» зауытының аумағында өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 21 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту