ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті басшылығын таныстырды.

Комитет төрағасы - Серік Жұманғарин, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Комитет төрағасының орынбасары - Арыстан Қабыкенов, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Комитет төрағасының орынбасары - Азамат Майтиев, осыған дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры болған.

Комитет төрағасының орынбасары - Әлия Жұмабаева, осыған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ интеграциялық саясат департаментінің директоры болған.

Комитет төрағасының орынбасары - Рүстем Ахметов, осыған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

«Монополияға қарсы органның рөлі күшейеді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

«Комитет алдында 2 негізгі міндет тұр -  заңнамалық жұмыс және  интеграциялық үрдістер аясында бәсекелестікті қорғау», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 25 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту