Оқушылардың жазғы демалысы қысқармайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Бірқатар халықаралық сарапшы өз баяндамаларында Қазақстанда және бірқатар посткеңестік елдерде жазғы демалыстың тым ұзақтығын талқылады. Бұл мәселені біз қарастырып отырған жоқпыз. Иә, жазғы демалыс біршама қысқа елдер де бар. Алайда, қазіргі уақытта жазғы демалысты қыстартуды көздейтін мәселені қарастырғалы отырған жоқпыз»,- деді А.Сәрінжіпов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ағымдағы жылы мектепке қажетті жаңа оқулықтар сатып алуға 8,3 млрд. теңге бөлінді. «Кітапхана қорларындағы оқулықтардан бөлек жаңа кітаптар сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұған қоса, еліміздің басым облыстарында оқулықпен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылында еліміздің барлық облыстарындағы мектептер оқулықтармен қамтамасыз етілетін болалды.

«Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандары мектептерді оқулықпен қамтуды кешеуілдетуде. Ақмола облысында да мәселелер көтерілген болатын. Дегенмен, біз бұл мәселені көтердік және облыс біздерге қажетті қаржының жергілікті бюджеттен бөлінетіндігін айтып, сендірді. Сондықтан да ағымдағы жылы оқулыққа қатысты барлық мәселелер шешілуі тиіс», - деді министр.

ҚазАқпарат

 

Жарияланды: 25 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту