Музейлер өзге өңірлерде көрмелер өткізу керек. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Қазақстан аумағында құнды жәдігерлері бар музейлер көп екеніне тоқталған министр, «өкінішке қарай біздің бірде бір орталық мұражайлар шалғай жатқан елді мекендерге өз көрмесімен шығып жатқан жоқ. Барлық шараларды өзінде ғана өткізеді. Атап айтқанда, ел өңірлерінде қызықты дүниелер баршылық. Мәселен, Атыраудан Өскеменге келіп, осындай шаралар ұйымдастыруы керек. Бұның барлығын тиісті деңгейде үйлестіру үшін бізге көркемдік кеңес қажет»,-деді.

Сондай-ақ музейде ғылыми-танымдық орталық болуы керек.

Қазақстандағы мұрағаттар Ватикандағы мұрағаттың деңгейіне жеткізіледі. «Бізде мұрағаттар тек жақсы бір қоймалар секілді, яғни құжаттарды  жинап, оларды жауып қояды. Мұрағаттарда дүниежүзілік тәжірибеге сай ғылыми орталық болуы керек. Мысалы, Ватиканның мұрағатына барсаңыз, ол жерде бірнеше күн бұрын тіркеліп, қомақты қаржыны төлегеннен кейін ғана кіргізеді. Біздің мақсатымыз да еліміздегі мұрағаттарды осындай деңгейге жеткізу»,-деді министр.

Осы орайда ол Қазақстанда көптеген құнды құжаттар бар екендігін және олармен жұмыс істеу керектігін атап өтті.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 27 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту