Соңғы үш жылда Қазақстанда  7 жүрек трансплантациясы жасалды. Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІІ Ұлттық кардиохирургтер конгресінде Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы құрылғалы бері онда жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру мен емдеуге арналған 15-тен астам инновациялық технологиялар енгізілгеніне тоқталған Г. Әбдіқалықова, «Соңғы 3 жылда Қазақстанда 7 жүрек трансплантациясы жасалды, оның алтауын Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының ұжымы жүзеге асырды. Сонымен қатар орталықтың жасанды жүрек қарыншасы имплантациясы бойынша операциясын жасауы Қазақстанға осындай операцияны жүзеге асыратын жоғары дамыған 20 елдің қатарына енуге мүмкіндік берді», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 10 еседен астамға артты. Бұл өз кезегінде саладағы материалдық-техникалық базаны нығайтып, тегін медициналық  көмектің кепілді көлемінің тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге  асыру жылдарында қан айналымы ауруларынан өлім-жітім екі еседен астам көрсеткішке төмендеді.

Конгреске 500-ден астам отандық және шетелдік дәрігерлер, ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Олардың арасында 47 спикер кардиология, кардиохирургия саласындағы әлемдік танымал мамандар.

Бұл шараның мақсаты - тәжірибе, идея алмасу үшін түрлі елдердегі кардиохирургтерді біріктіру.

Конгресті Назарбаев Университеті мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Чикаго Университетімен және Бүкіләлемдік Кардиоторакалды хирургтер қоғамымен ынтымақтаса отырып, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ ұйымдастырды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту