Біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз үшін қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің, азаматтық бейбітшіліктің кепілі - Мемлекет басшысы. Бүгін елордада өтіп жатқан еліміздің Конституция күніне арналған «Конституция: Тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді.

«1995 жылдың 30 тамызында Конституцияны бірауыздан қолдап, дауыс берген Қазақстан халқы басқарудың президенттік үлгісін түпкілікті танып, еліміздің бастапқы даму моделін анықтады. Бүгінгі күні біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз үшін қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің, азаматтық бейбітшіліктің кепілі - Мемлекет басшысы - Ұлт Көшбасшысының рөлі зор», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, Конституция қызмет атқарған 20 жыл ішінде ол өзінің әлеуетін, тұрақтылығын, нарықтық және демократиялық негізін дәлелдеп берді.  

«Конституцияда мемлекеттің әлеуметтік мәртебесі көрсетіліп, азаматтардың құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары айқындалды. Халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қоғамдық келісім мен патриоттық сезімдер мемлекет қызметінің негізін қалаушы қағидаттар қатарына кірді», - деді А.Мұхамедиұлы.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту