Бүгін "Чжужихэ" полигонында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің "Бейбіт миссия-2014" антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі өтті.

Екі апта бойы ШЫҰ-на қатысушы елдердің әскери контингенттері бірлесіп әскерлерді басқару, өзара әрекет ету, жауынгерлік үйлесімдік қимылдары жөніндегі сұрақтарды пысықтады.

Шешуші кезең – штаб басшылығының, әскери ұжымның және қамтамасыз етуші барлық қызметтердің бұған дейінгі жұмысын түйіндейтін жаттығудың аса маңызды кезеңі болып саналады.

Жаттығудың жабылу рәсімі кезінде сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов аталған жаттығудың «мүмкін болатын қауіп қатерлерге, тек біздің елімізге ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастыққа да өзекті – терроризм, экстремизм, сепаратизмге қарсы тұру үшін» маңыздылығын атап өтті.

С.Жасұзақовтың айтуынша, «барлық әскери қызметшілер өздерін жақсы қырынан танытып, жинақтаған тәжірибелерін іс жүзінде қолдана алатындықтарын және кәсіби іс қимыл таныта білді».

«Өткізілген жаттығулардың нәтижесі талданып, болашақта штабтар мен әскерлердің бірлесіп дайындалуын жетілдіруге жұмсалады. Осындай жаттығуларда штаб офицерлері әскерлерді қолдануды жоспарлау тәжірибесін және өзара әрекет ету мүмкіндіктерін үйренуде жақсы тәжірибе жинақтайды»,-деді С.Жасұзақов.

Жаттығудың жабылу рәсімі барысында әуе парады өткізілді, оны қазақстандық шабуылдаушы Су-27 ұшақтары ашты.

«Бейбіт миссия-2014" антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығуы ШЫҰ шеңберінде осымен жетінші рет өтіп, оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштерінің әскери бөлімшелері қатысты.

Жаттығуға жеті мыңға жуық әскери қызметшілер,бір жарым мыңнан астам қару жарақ пен әскери техника ұшақтар мен тік ұшақтар пайдаланылды. Майдандық және армиялық авиацияны жаттығуға Қазақстан, Қытай және Ресей ұсынды.

Коалициялық әскер топтарының біріккен жедел штабы бірлескен операцияларды дайындау және өткізуде өзара іс-қимылды үйлестіру және ұйымдастыру мәселелерін пысықтады, тәжірибе алмасты, дағдарыс жағдайын шешу әдістері жетілдірілді.

Интернационалды әскер топтары өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөнінде қойылған міндеттерді орындауға қабілеттілігін дәлелдеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 29 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту