Кәсіптік және техникалық білім беру еңбек нарығынан еш алшақтамауы керек. Бүгін Сенатта орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің болашағына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, ХХІ ғасырда мемлекеттің экономикалық келешегін айғақтайтын бірден бір фактор - оның кадрлық әлеуеті. Сондықтан да, адами капиталды дамытуға бағытталған білім беру жүйесін қалыптастырудың маңызы зор болып отыр.

«Дамыған елдерде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі - бұл индустриялық дамудың және оның бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Мәселен, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттауда әлемдік көшбасшы болып саналатын Германияда жұмыспен қамтылғандардың 60 пайыздан астамында кәсіптік-техникалық білім бар. Сингапурда мектеп оқушыларының 90 пайыздан астамы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінен өтеді. Сонымен қатар, әлемнің ешбір елі кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдірмей тұрып, индустриялық даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыра алмағанын есте сақтауымыз керек», - деді министр Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, біздің еліміздің еңбек нарығы құрылымында бірқатар проблемалар қордаланған. Бұлар: жұмыс күшінің тапшылығы; жұмыссыздық; өңілерде, біліктіліктер мен қызметтер түрі бойынша жұмыс күшіне сұраныс параметрлерінің ұсынысқа сапалық сәйкес келмеуі. Министрдің пайымынша, бұндай фактілер құрылымдық жұмыссыздарға да әкеп соқтыруда.

«Мұндай жағдайда кәсіби білім беру еңбек нарығынан еш алшақтамауы керек. Жұмыс берушілер білім жүйесімен бірлесе қандай мамандыққа қалай оқыту керектігі туралы әрекет етулері шарт. Бізде бұл мәселеге ұзақ уақыт бойы көңіл бөлінбей келді. Жүргізілген реформалар белгілі бір шектен аспады. Ең ақыры бүгінгі күні өнеркәсіптік өндірістер кадр даярлауға кеңінен араласпай отырғанын мойындауымыз керек», - деді Т. Дүйсенова. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту