Соңғы үш жылда еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беруге бағытталған бюджет қаражаты екі есеге артып отыр.  Бүгін Сенатта орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің болашағына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлім етті.  

«Қазіргі таңда еліміздің 850 колледжінде 560 мыңнан астам студент білім алуда. Жыл сайын 180 мың түлек еңбек нарығына шығады. Олардың 70 пайыздан астамы бірінші жылдың ішінде өз кәсібі бойынша жұмысқа орналасады», - дейді Аслан Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда кадр даярлау мәселесін шешу үшін білім саласына бөлінген қаражат мөлшері едәуір артқан. Мәселен, бұл көрсеткіш 2014 жылы 1 трлн. 497 млрд теңгені құрады.

«Ал соңғы үш жылда кәсіптік-техникалық білім саласына бағытталған бюджет қаражаты екі есеге артты. Колледждердегі шеберханаларды жабдықтауға арналған қаражат 6 есеге ұлғайтылды. 2014 жылы 200-ден астам  шеберхана мен зертханаларды жабдықтауға 5,5 млрд. теңге қарастырылып отыр», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту