«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы қолға алынған 5 жылдың ішінде 3659 адам келісімшарт ержесін бұзды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы қолға алынған 5 жылдың ішінде 3659 адам келісімшарт ережесін бұзды. Ауылға келетін адамдарға арналған мамандықтар тізімінің кеңеюіне байланысты біздерде өте жақсы ілгерілеушілік бар. Сондықтан да бұл айтарлықтай сан емес деп ойлаймын», - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, аталған адамдардың әрқайсысы 2 млн. 778 мың теңге көлеміндегі несиелерін және 129 мың теңге мөлшеріндегі бір реттің көтерме көмектерін мемлекетке қайтаруы тиіс.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті.

Оның атап өтуінше, «Дипломмен ауылға!» жобасы 2009 жылы басталды. Сол уақыттан бергі 5 жылдың ішінде 30 мыңнан астам жас маман ауылға келіп, баспаналы болды және мемлекет тарапының көмегін алды.

«Осы 5 жылдың ішінде 24,5 млрд. теңге бөлінді. Ауылдағы басты мәселелердің бірі - баспана екендігін білесіздер. Сол себепті мемлекет тарапынан 15 жылға  бюджеттік несие беріледі. Әр адамға берілетін оның мөлшері 2 млн. 778 мың теңгені құрайды. Мұнан бөлек жас маман ауылға  келген кезінде де бірреттік көмек беріледі. Ол 129 мың теңгеге тең», - айтты Қ.Өскенбаев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту