ҚР ҰЭМ, 30 қыркүйек. 2014 жылдың 28 және 29 қыркүйек аралығында Ыстамбұлда (Түркия Республикасы) аймақтық даму үшін ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндеДүниежүзілік экономикалық форумы өтті. Қазақстан атынан өкілдік топты ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды.

Форум аясында мемлекеттік-дербес ынтымақтастықты кеңейтуде аймақтың негізгі сұрақтары бойынша, соның ішінде: бәселестік инфрақұрылымының басты факторы ретінде энергоқорды, аймақтық интеграция және сауда, Еуропадағы кәсіпкерліктің дамуы, сонымен қатар Түркияның G20 төрағалық ету мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы Кеңес мүдделі мемлекеттердің үкімет мүшелерін, азаматтық қоғамды және басқа экономикалық шешім қабылдайтын бизнестің көшбасшыларын қатыстыру арқылы ұлттық және аймақтық өзгерістерді қалыптастыруды терең түсінуін қамтамасыз етеді.  

Қазақстан, Беларусия және Ресей мемлекеттірінің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процесстері ойдағыдай өркендеп келеді және әлем экономикасының сыны алдында экономикалық мүмкіндікті дамыту үшін қажеттілік болып табылатының Ерболат Досаев форум аясында айрықша атап өтті.

Еуразиялық кеңістік аясындағы интеграциялық процесстер Қазақстанның инвестициялық қызығушылығын арттыруда салмақты ынталандыруға және өңдеуші өнеркәсіпке шетел инвестициясының құйылуына алып келді, - деп атап өтті министр.

«Экспортқа, соның ішінде Еуропаға  бағытталған Қазақстан өнімдерінің бәскеге қабілеттілігін арттыру үшін энергетика мен транспорт саласында интегрциялық мүмкіндіктерін қолдану қажет», - деді министр. Мысалы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» инфрақұрылымдық жоба транспорттық қызығушылықтың өсуіне және трансконтиненталды «көпір» құруға себепші болды. 

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев форум аясында өткен дискуссия барысында Қазақстанның аймақтық бірігулерге қатысу процесстеріне түсінік берді, себебі бұл әрі қарай тұрақты дамудағы негіз болып табылады, ал Қазақстан үшін өтім рыноктары мен сауда кеңістігін кеңейту және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажет. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметі

Жарияланды: 30 қыркүйек 2014

Мұрағат

Қыркүйек
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту