2013 жылғы 22 тамыз күні ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Астанаға жұмыс сапарымен келген Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Юкия Аманомен кездесу өткізді.

Келіссөздер аясында Ю.Амано Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалап, біздің еліміздің ядролық қаруды таратпау үрдісіндегі жауапты қатысушы және көшбасшы негізіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Е.Ыдырысов МАГАТЭ-нің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану мен ядролық қауіпсіздік тәртібін нығайтудағы жетекші рөлін атай отырып, Қазақстанға атом өнеркәсібі мен бейбіт ядролық технологияларды дамыту бойынша Қазақстанның жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің сарапшы әлеуетін тартуға қызығушылығын танытты.

Өзара мүдделерді қамтитын кең ауқымды мәселелер бойынша бірқатар мәселелер талқыға салынды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 22 тамыз 2013

Мұрағат

Тамыз
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту