Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомствоның басшысы Бақытжан Жұмағұлов Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ректорларының ғылым саласындағы жұмыстарын сынға алды.
«Ректорлар өздері ғылымнан қашады, яғни ғылыммен айналысқысы келмейді. Нәтижесінде олар ғылыми-зерттеу институттарынан алшақтайды. Бұл құпия емес», - деп атап өтті Б. Жұмағұлов.
Өз кезегінде министрдің орынбасары Мұрат Орынханов шынымен де ЖОО ректорлары ғылыми кадрларды даярлауда нақты айқындалған саясатты жүргізбей отырғандығын жеткізді. Оның пайымдауынша, бұл саясаттың ішінде ғылыми кадрларды даярлаудағы барлық аспектілер қамтылуы тиіс.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 22 тамыз 2013

Мұрағат

Тамыз
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту