Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен кеңесте еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынға мемлекеттік органдар, ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары, аграрлық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, ғылыми орта өкілдері қатысты.

Үкімет басшысы АӨК дамытудың жаңа Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар бекітілген жоспарлар шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол 2013 жылдың қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2014 жылдан бастап қолданысқа енетін займдарды кепілдендіру мен сақтандыру, инвестициялық субсидиялау, сатып алу бағасын кепілдендіру сияқты жаңа мемлекеттік қолдау механизмдерін іске қосу мен ұйымдастыру жылы болып табылатынын атап көрсетті.

Саланың бүгінгі жағдайы мен жаңа «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының орындалу барысы, және оны жүзеге асырудың тетіктері туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Атап айтқанда, «АӨК-ті мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есеге арттыру қарастырылуда, саланы дамыту жобасын жүзеге асыру кезеңінде 10 трлн. теңгеден кем емес жеке қаржы тартылатын болады»,-деді ол.

Бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторларының ішінде, қаржылық сауықтыру, АӨК субьектілері үшін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызмет түрлері қолжетімділігін арттыру, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін көтеру сияқты көрсеткіштер бар.

А.Мамытбековтың сөзіне қарағанда, «қаржылық сауықтыру үшін Министрлік АӨК субьектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ережесін бекіткен, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықтама алу үшін сall-centr (тел. 8800080 7080) ашылған». Министр сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері қатарында займдарды кепілдендіру мен сақтандыру, субсидиялау ережелерін өзгерту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді атады.

Министр сонымен қатар, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, АӨК саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді дамыту шаралары туралы хабарлады. «Он бір қызмет көрсету түрін автоматтандыру жоспарлануда, соның нәтижесінде қызмет көрсетудің нормативтік мерзімі 60-тан 15 жұмыс күніне дейін немесе 25%-ға, құжаттардың нормативтік саны 12-ден 4 құжатқа дейін немесе 33%-ға қысқаратын болады»,-деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, көрсеткіштері жылдарға және облыстар арасына арналып бөлінген ауыл шаруашылығының әрбір қосалқы саласын дамыту бойынша 15 шеберлік-жоспарлары дайындалған. Құжаттар облыс әкімшіліктеріне келісілуге жіберілген.

Кеңесте сондай-ақ «Иволга-Холдинг» ЖШС басшысы В.Розинов, «Заречное» ЖШС басшысы В.Двуреченский, «Ижевское» ӨК басшысы И.Жанғоразов, «Актеп» Ш.Сағналиев, «Тұрар» Қ.Оспанов, «Прокоп» Г.Прокоп, «Қазақстан құс өсірушілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Р.Шәріпов, «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы С.Бақтыбаев, «Қазақстан фермерлер одағы» вице-президенті А.Әбдіқалымов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Қалиев сөйледі.

Кеңес соңында, Үкімет басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының жүйелі дамуы үшін маңызының зор екеніне тоқталып, Бағдарлама жобасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және аграрлық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен бір жыл бойына талқыланғанын және оның Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқанын атап көрсетті.

«Үкіметке АӨК-ті дамыту мәселелері бойынша, бұл саламен айналысатын, кәсіби мамандардың әрқайсының пікірін білу маңызды. Бүгін қызықты ұсыныстар айтылды, біз оны қарап, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз»,-деп түйіндеді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы, бірқатар ұсыныстар мен ескертулерге түсінік бере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелеріне назар аудартты. Осы орайда С.Ахметов «АӨК-тегі ірі бизнес қайта өңдеу саласын өз қанатының астына алуы керек деп есептеймін», дей келе, бұл үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалуда, олар агроөнеркәсіптік өндірістің көптеген перспективалық бағыттарын қамтитын Бағдарламады жазылған атап айтты.

Үкімет басшысы АШМ-ге айтылған ұсыныстардың бәрін Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктеріне нақты енетіндей қылып қорытып, талдауды тапсыра келе, оның табысты жүзеге асырылатынына, тұтастай алғанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің нығая түсетініне сенім білдірді.

ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметі

Қосымша ақпаратты www.primeminister.kz сайтынан көріңіздер

Жарияланды: 22 тамыз 2013

Мұрағат

Тамыз
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту