Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдаланып, бюджет түсімдерінің көздерін жыл сайын ұлғайтып отыру қажет - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңесте Үкіметке осындай тапсырма берді.

Мемлекет басшысы бюджетті қалыптастыру ел алдында тұрған, соның ішінде «Қазақстан - 2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.

Премьер-Министр С.Ахметов 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері туралы мәлім етті. Аталған кезеңдегі экономиканың нақты өсімі 6-7 % деңгейінде жоспарлануда. Мемлекет басшысының ішкі резервтерді қарастыру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, республикалық бюджеттің шығысы жалпы ішкі өнімнің 17,4 %-ын құрайды. Жергілікті бюджеттер аясында субвенция 81 млрд.-қа қысқарады, ал бюджеттік ақшаны алу, өңірлерді дамытуды ескере отырып, 24 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің базасында мемлекеттік бюджет қалыптастырылды, оның шығысы жалпы ішкі өнімнің 20,4 %-ын құрайды. Мемлекет басшысының Жолдауынан бастау алатын 2014 жылға арналған бюджеттің жаңа бастамасы негізінен, даму бағдарламаларын және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталады.

С.Ахметов сондай-ақ жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы аясында Үкімет Ұлттық қордың негізгі параметрлерін сақтайтынын да баяндады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 тамыз 2013

Мұрағат

Тамыз
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту