Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «10» желтоқсандағы № 132-р өкімі

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

 

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, жетекшінің орынбасары;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы;

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

Астана қаласы әкімінің орынбасары;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Алматы облысы әкімінің орынбасары;

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы;

Астана қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Зеренді ауданы Шағалалы ауылыныңАгробизнес колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

«KazEnergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі департаментінің директоры (келісім бойынша);

«BI Group Construction холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасының корпоративтік дамыту және персонал жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

«Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);

«Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды енгізу» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы жобасының атқарушы директоры (келісім бойынша).

2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу